Магомед Абдуллаев Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары туралы айтты

/
Магомед Абдуллаев Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары туралы айтты
ашық дереккөзі
Магомед Абдуллаев Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары туралы айтты Әзербайжандық супер ауыр салмақтағы боксшы, бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Магомед Абдуллаев (+92 кг) қазақстандық боксшылар туралы пікірімен бөлісті деп хабарлайды turkystan.kz. Боксшыға «Өзбекстан мен Қазақстан әлемдік бокстың көшбасшылары екенін көрсетті. Сіздің салмағыңызда өзбекстандық Баходир Джалолов жеңіске жетті. Біз олардан қаншалықты артта қалдық?» деген сұрақ қойылды.
«Бұл елдерде бокс бұрыннан өте дамыған. Олар әрқашан өте күшті. Иә, Ресей мен Куба дәстүрлі түрде мықтылығын көрсетіп келеді. Бірақ қазір Өзбекстан мен Қазақстанның боксшылары өте жақсы. Олар ешқашан кубалықтар мен орыстардан қалыс қалмады. Баходирге келетін болсақ, мен одан Олимпиадада жеңілдім. Ал әлем чемпионатында онымен кездесуге мүмкіндік болмады. Финалда кубалық тіпті онымен шыққысы келмеді, жүрексінді», - деді боксшы azerisport-қа.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары