Махмұд Сабырхан көрермен берген тақияны марапаттау рәсіміне киіп шыққан

Махмұд Сабырхан көрермен берген тақияны марапаттау рәсіміне киіп шыққан

Махмұд Сабырхан көрермен берген тақияны марапаттау рәсіміне киіп шыққан
ашық дереккөзі
50466
Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатының марапаттау рәсімінде боксшылардың тақия киіп шыққан сәті көрерменге ерекше әсер сыйлады деп хабарлады turkystan.kz. Жұртшылық мұндай бастаманы министрлік немесе федерация қолға алған деп ойлаған еді. Алайда Махмұд Сабырханға тақияны залда отырған көрермен берген екен. Бұл туралы жарысты Ташкентке барып тамашалаған спорт журналисі Аслан Қаженов жазды.
«Сол жердегі қарапайым көрермендердің бірі Махмұд жеңіске жеткен кезде трибунадан басындағы тақиясын лақтырып, «марапаттауға киіп шық» деп айқайлады. Тіпті, оның аты-жөнін де біліп алдым. Бексұлтан Зікіров есімді жетісайлық жігіт. Махмұд киіп шықты. Кейін оны Асланбек киді. Бүкіл суретте сол бір тақия жүр. Бұл - әлем чемпионатындағы бір ғана көрініс. Бір ғана элемент. Бірақ, қандай керемет?! Не шықса да, қарапайым халықтан шығады. Боксшылар да осы ортада өсті. Сондықтан, тақияны аттап кете алмады. Басына киіп алды. Қазақша болмыс, қазақша тәрбие және қазақ деп соққан жүрек бар кезде, осындай небір нәрселер болып жатады…», - деді журналист.
   

Серіктес жаңалықтары