«Статистика бойынша, көбіне мұғалім емес, ата-ана ұйымдастырып жатады. Педагогтар жақсы біледі. Дәлелденген жағдайда, ол қаражатты ата-аналардың өзіне қайтарып береді», - деді Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова Qazaqstan телеарнасына.
«Соңғы қоңырау»: қомақты сыйлық алған мұғалім қанша айыппұл төлейді? (ВИДЕО)

«Соңғы қоңырау»: қомақты сыйлық алған мұғалім қанша айыппұл төлейді? (ВИДЕО)
34 500 теңгеден артық сыйлық беруге тыйым салынады. Мұны антикор да, министрлік те ескертіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Егер ұстаз қомақты сыйлық алса, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жеті млн теңге айыппұл төлейді.