Орал полициясы Африкадан келген асабаны ұстады (ВИДЕО)

Орал полициясы Африкадан келген асабаны ұстады (ВИДЕО)

Орал полициясы Африкадан келген асабаны ұстады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50272
Орал қаласында Сомалидан келген асаба ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Ақтөбеден Орал қаласына барар жолда, Сырым ауданында 25 жастағы шетелдік ұсталды. Белгілі болғандай, ол - Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бірінің студенті.
«Сомалиліктің айтуынша, ол елімізде 2019 жылдан бері тұрады. Алматы қаласындағы ЖОО-да бағдарламашы мамандығында оқиды. Осы уақыт ішінде ол тілді жақсы меңгеріп, салтанатты іс-шараларға қатысып, ақша тауып жүрген» деп жазды Рolisia.kz.
Оның визасының уақыты біткен, соның негізінде ҚР Көші-қон заңнамасын бұзу фактісі бойынша хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді. Енді шетелдік азамат депортациялануы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары