Мен тек Ломаченконың стилімен бокстаспаймын – Махмұд Сабырхан (ВИДЕО)

/
Мен тек Ломаченконың стилімен бокстаспаймын – Махмұд Сабырхан (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Мен тек Ломаченконың стилімен бокстаспаймын – Махмұд Сабырхан (ВИДЕО) Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Ташкентте өткен әлем чемпионатынан кейін «Ұйқым келмейді» түнгі шоу-бағдарламасында қонақ болып, мансабына қатысты сұрақтарға жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. Шетелдік сарапшылар мен жанкүйерлер боксшыны Василий Ломаченкоға ұқсатып жатады. Махмұд Сабырхан осыған қатысты ойын айтты.
«Мені Василий Ломаченкоға ұқсатқанына қуанамын. Бірақ мен тек оның боксын көріп өскен жоқпын. Өзіміздің ағаларымыз да бар: Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Бекзат Саттарханов. Әр мықты боксшының жақсы жерін алуға тырысамын. Тек Ломаченконың стилімен бокстаспаймын, кейде Тайсонның, Мейвезердің, Головкин ағамыздың стилі де керек болады», – дейді ол.
https://www.youtube.com/watch?v=rqW35xCyKOI&ab_channel=KhabarTV
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары