«Студенттерді қарызға батырды»: Талдықорғанда жатақхана коменданты сотталып жатыр

«Студенттерді қарызға батырды»: Талдықорғанда жатақхана коменданты сотталып жатыр

«Студенттерді қарызға батырды»: Талдықорғанда жатақхана коменданты сотталып жатыр
ашық дереккөзі
50259
Талдықорғанда студенттерді 24 миллион теңгеден аса қарызға батырды деген айыппен жатақхана коменданты сотталып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. ҚазАқпараттың жазуынша, 42 жастағы айыпталушы студенттерге заттай да, ақшалай да несие алдыртқан. Іс бойынша 16 адам қарызға белшесінен батқан. Оларға өз аттарына қымбат ұялы телефондар, микроқаржы ұйымдарынан ақша рәсімдеткізген. Жәбірленушілер арасында тек студенттер ғана емес, жатақхананың еден жуушысы, сантехник сынды қарапайым жұмысшылары да бар. Сотталушы Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жатақханасында жұмыс істеген. Оған «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылып отыр. Бүгін алғашқы процесс Талдықорған сотында басталды. Прокурор айыптау актісін жарты сағаттан аса оқыды. Сотқа қатысушы студенттер түсірілім жасауға қарсылық білдірді.

Серіктес жаңалықтары