Ақылы жолмен жүрген қазақстандық жүргізушілерге SMS-хабарлама жіберіледі

/
Ақылы жолмен жүрген қазақстандық жүргізушілерге SMS-хабарлама жіберіледі
ашық дереккөзі
Ақылы жолмен жүрген қазақстандық жүргізушілерге SMS-хабарлама жіберіледі Ақылы жол пайдаланушыларын уақтылы хабардар ету үшін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы SMS-хабарлама қызметінің пилоттық жобасын іске қосты деп хабарлады turkystan.kz.  Ақылы жолға алғаш өткен кезде автокөлік иесі SMS-хабарлама алады. Хабарламада төлем әдістері туралы сілтеме де қарастырылған. SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді. Олардың қатарында Астана-Павлодар, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Ташкент, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Қонаев-Талдықорған және Щучинск-Көкшетау күре жолдары бар. Шлагбаумдар қарастырылған учаскелерден өткен кезде («Астана-Щучинск», «Астана-Теміртау», «Алматы-Қонаев», «Алматы-Қорғас») SMS-хабарлама келмейді. Естеріңізге сала кетейік, елімізде жалпы ұзындығы 2,200 шақырым 11 ақылы жол бар.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары