50482
Дәрігер ыстық ваннаға түсуге болмайтынын айтты
Дәрігер ыстық ваннаға түсуге болмайтынын айтты

Жалпы, ваннаға түсу ағзаға оң әсер етеді. Дегенмен оның қарсы көрсетілімдері де бар деп хабарлады turkystan.kz.
Әсіресе, жүрек-қан тамырлары ауруы бар адамдарға абай болу керек. Ыстық суда дене тез қызады, салдарынан дененің табиғи салқындату механизмдері жұмыс істемей қалуы мүмкін.
«Мұндай жағдайда жүректің соғу жиілігі артып, қосымша жүктеме пайда болады. Сондай-ақ қан қысымы төмен адамдарға шомылуға болмайды. Процедура кезінде тамырлар одан әрі кеңейіп, естен тануға әкелуі мүмкін», - деді дәрігер, терапевт Анастасия Меняйлова.Маман, сонымен қатар, адамға суық тиіп, температурасы көтерілген кезде ыстық ваннаға түсуге кеңес бермейді. Мұнымен қоса, бұл мигреньмен ауыратындардың да жағдайын нашарлатуы мүмкін екенін атап өтті.
«Жылы ванналар қандағы қанттың күрт төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл диабетик үшін өте қауіпті», – деді терапевт Газета.Ru-ға.