Қазақ боксшы әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін ерекше сыйлық алды

/
Қазақ боксшы әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін ерекше сыйлық алды
ашық дереккөзі
Қазақ боксшы әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін ерекше сыйлық алды Өзбекстан құрамасының атынан өнер көрсеткен этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Ташкентте (Өзбекстан) өткен 2023 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін ерекше сыйлық алды деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде Абдуллаевқа Chevrolet Malibu автокөлігі сыйға тартылған бейнежазба тарады. Qalampir.uz жазуынша, Абдуллаевқа көлікті Ташкент облысы Кибрай ауданындағы көршісі, кәсіпкер сыйлаған. Айта кетейік, Руслан Абдуллаев 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Моңғолия өкілі Чинзориг Баатарсухпен кездесіп, жеңіске жеткен болатын.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары