Өзбекстандық боксшы Асланбектен жеңілгеннен кейін уәде берді (ВИДЕО)

/
Өзбекстандық боксшы Асланбектен жеңілгеннен кейін уәде берді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Өзбекстандық боксшы Асланбектен жеңілгеннен кейін уәде берді (ВИДЕО) Өзбекстандық боксшы Саиджамшид Джафаров Instagram парақшасында бокстан әлем чемпионатының финалында Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновпен өткен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Джафаров пен Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ақтық сында алтын медальды сарапқа салған еді. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы басым түсіп, жеңіске жетті. Осылайша, Шымбергенов әлем чемпионы атанса, Джафаров күміс медальге ие болды.
«Альхамдулиллах, әлем чемпионатын күміс медальмен аяқтадық. Иншааллах, бұдан күштірек болып ораламыз, бәріне рақмет», - деп жазды боксшы.
https://www.youtube.com/watch?v=EgoDqV-kM6E&ab_channel=SPORT24
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары