ӘЧ: Қазақстан медаль кестесі бойынша нешінші орын алды?

ӘЧ: Қазақстан медаль кестесі бойынша нешінші орын алды?

ӘЧ: Қазақстан медаль кестесі бойынша нешінші орын алды?
ашық дереккөзі
50838
Ташкентте (Өзбекстан) ерлер арасында өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде екінші орын алды деп хабарлады turkystan.kz.  Осылайша, 4 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы соңғы он жылдағы үздік нәтижеге қол жеткізіп отыр. Биылғы әлем чемпионатында өзбекстандық боксшылар 5 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль алып, көш бастады. Ал Ресей құрамасы 2 алтын, 4 қоламен үздік үштікті түйіндеп отыр. Жалпы медальдар кестесі мынадай: 1.Өзбекстан (5-2-2). 2.Қазақстан (4-1-0). 3.Ресей (2-0-4). 4.Куба (1-3-2). 5.Франция (1-1-1). 6.Грузия (0-1-2). 7.Моңғолия (0-1-1). 7.Бразилия (0-1-1). 7.Әзербайжан (0-1-1). 10.Қытай (0-1-0). 10.Италия (0-1-0). 12.Үндістан (0-0-3). 12.Испания (0-0-3). 14.Армения (0-0-2). 15.Қырғызстан (0-0-1). 15.Иордания (0-0-1). 15.Тәжікстан (0-0-1). 15.Мексика (0-0-1).    

Серіктес жаңалықтары