Қазақстан бокстан әлем чемпионатын күтпеген нәтижемен аяқтады

Қазақстан бокстан әлем чемпионатын күтпеген нәтижемен аяқтады

Қазақстан бокстан әлем чемпионатын күтпеген нәтижемен аяқтады
ашық дереккөзі
50266
Бүгін Ташкентте (Өзбекстан) бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының соңғы күні өтті деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін, финалдық жарыстың екінші  күні Қазақстан құрамасынан үш боксшы «алтын» үшін шаршы алаңға шығып, бәрі жеңіске жетті. Атап айтсақ, Махмұд Сабырхан (54 кг) өзбекстандық Ойбек Джураевты, Асланбек Шымбергенов (71 кг) Өзбекстанның тағы бір өкілі Саиджамшид Джафаровты, ал Нұрбек Оралбай (80 кг) Қытайдан келген этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды жеңді. Финалдың бірінші күні 48 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз Санжар Ташкенбай грузин Сахил Алахвердовимен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Сонымен қатар 67 келіге дейінгі финалда қазақстандық спортшы Өзбекстан өкілі Асадхудж Муйдинхуджаевпен жұдырықтасып, есе жіберді. Осылайша, Қазақстан құрамасы бокстан әлем чемпионатында 5 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 1 күміс. Осыған дейін шетелдік басылым Қазақстан құрамасы әлем чемпионатынан 2 «алтын» алатынын болжаған еді.  

Серіктес жаңалықтары