 – Оқуды бітірген соң еңбек жолыңызды М.Әуезов атындағы драма театрында актер болудан бастап, осы жерде ұзақ жыл еңбек еттіңіз. Басшылық қызметте де болдыңыз. 100-ден аса рөльді сомдадыңыз. Қазақстан ғана емес, одан тысқары жерлерге де белгілі мұндай театрда еңбек ету кез келген актердің арманы екені белгілі. Сізге М.Әуезов театры не берді, сіз театрға не бердіңіз?
– Иә, ол театрда 30 жыл еңбек еттім. Не бергенімді айта алмаймын, тек еншіме тиген рөльдерді барынша абыроймен орындап шығуға талпындым. Үлкен-кіші деп бөлгенім жоқ, бір-екі қойылым болмаса, бәрінде дерлік басты рөльдерді ойнадым, ондай рөльдердің жауапкершілігі де күшті. Қалай десеңіз де қай спектакль болсын, басты кейіпкерге байланысты екені белгілі ғой. Бірде-бір рөліме сын айтылған жоқ (Сәкен Жүнісовтің «Өліара» спектакліндегі Жақайдан басқа. Ол енді бөлек әңгіме). Ал театрдан алғаным өте көп. Ең әуелі, қазақ театрының қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан ұлыларды көргенім, әріптес болып бір сахнада еңбек еткенім, солардан алған тәлім-тәрбие әлі күнге серігім болып келе жатқаны; актерлердің ғана емес, бүкіл ұжымның бір-біріне деген мейірімі, адалдығы, жанашырлығы, еліміздің әр түкпірінен жиналсақ та бірге туған бауырдай болып кеткеніміз. Қайсыбірін айтайын, қазір сол күндерді сағынышпен еске алып, көңілім босап жататын жайым бар.
– М.Әуезов театрынан кейін бір жылдай ғана Мәдениет министрлігінде Театр бөлімінің жетекшісі болдыңыз. Сол кезде қазақ театрына қатысты қандай мәселелерді көтеріп, қандай мәселелерді шештіңіз? Жалпы, өнер адамы үшін басшылық қызметтің қандай кедергісі немесе пайдасы бар?
– Иә, 1980-90-жылдары сол кездегі Мәдениет министрі М.Ахметованың шақыруымен Театр бөлімін, кейін, 2001-2007 жылдарда Ғабит Мүсірепов атындағы Жастар мен жасөспірімдер театрын басқардым.
Жалпы, менің өмірімдегі кез келген өзгеріс менің еркімнен тыс болып жатқан дүние. Өз бетімше қызмет, дәреже қуып талпынған емеспін. Ұсыныс түсті, біраз ойланып, қабылдадым. Мүсірепов театрына да солай бардым. Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «екі театрдың біріне басшы болып барасыз» деген соң жаңа, етім үйренбеген жер ғой деп сол театрды жөн көрдім.
Министрлікте ауыз толтырып айтарлық ештеңе жасай қойған жоқпын, күнделікті қатынас қағаздарын жазып, түскен арыз-шағымға жауап қайтарудан басқаға мұрша болмады. Ал театрда анда-мұнда шапқылап, жылап-сықтап жүріп қырық жыл жөндеу көрмеген ғимаратты күрделі жөндеуден өткіздік. Үш жыл өмірім сонымен кетті, ара-арасында репертуар түзу, жаңа спектакльдер шығару, гастрольдік сапар, ұжыммен жұмыс дегендей. Абыройсыз болғаным жоқ, бірнеше фестивальдің басты жүлделерін жеңіп алдық. Марқұм Жанат Хаджиев, қазір Астанадағы Нұрқанат Жақыпбаймен тізе қосып, бірге жұмыс істедік.
Осы орайда бір базына айта кетейін: қазір сол театрдың тарихында мен мүлде болмаған, еңбек етпеген тәріздімін, кеше театрдың қазіргі көркемдік жетекшісі Фархад Молдағали інім «актерлер әлі сіздердің еңбектеріңізді аузынан тастамай айтып отырады» дегені болмаса. Ол да болса көңілге медеу.
Ал енді басшылықтың пайда-зияны деген әркімнің өзіне байланысты болар. Мен министрлікте жүргенде де, Мүсірепов театрында да мамандығымнан қол үзгем жоқ, өзіме тиесілі рөльдерді ойнадым.
– М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында, Астана қаласындағы Жастар театрында, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыка театрында директор, көркемдік жетекшісі және актері болдыңыз. Негізгі, кәсібі актер болған адам үшін бір жерде ұзақ жұмыс істегені дұрыс па, әлде әртүрлі ортада өзін сынағаны жақсы ма?
– Жоғарыда айттым: менің өмірімдегі өзгерістердің бәрі менің еркімнен тыс болды деп. Директорлықтан кетіп (себебін ешкім түсіндірген жоқ, жұмысымнан да ешқандай кемшілік тапқан жоқ, таппайтын да еді), өз театрыма қайтып барамын деп жүргенімде Астана қаласының Мәдениет департаментінің басшысы хабарласып «жаңа театр ашуға көмектессеңіз...» деген соң көркемдік жетекші болып соған ауыстым. Бас-аяғы бір айдың ішінде алғашқы спектаклімізді де көрсеттік. Бірақ түрлі себептермен өз еркіммен орнымды босатып бердім. Маған салса, бір орында жұмыс істеген дұрыс-ау деймін, қанша дегенмен үйренген орта, қалыптасқан, бір-бірін қабағынан танитын сахналас әріптестер. Дей тұрғанмен, қазіргі қызмет етіп жүрген Қаллеки театры еш бөтенсімей, бұрыннан таныс адамындай қарсы алды. Шүкір. Бұл да адамның өзіне ғана байланысты шаруа ғой. Мақтанды демеңіз, «өзі жақсыға бір кісілік орын бар» деген осындайда айтылатын шығар. (Қалжың ғой!)
– Елге мәлім тұлғалардың қаламынан туған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қан мен тер», «Жетінші палата», «Өттің дүние», «Шыңғыс хан», «Абылай хан», т.б. пьесаларда түрлі рөлдерді сомдадыңыз. Қайсы кейіпкердің өзіңіз шығарған образы жаныңызға жақын?
– Бұл сұраққа талай рет жауап бергенмін. Әлбетте, театрдағы жолымды ашқан – Қозы. Біраз жыл осындай біркелкі лирикалық бейнелермен ғана қалып қоям ба деген қаупім жоқ емес еді. Марқұм, ұлы актриса Фарида Шәріпова «әрбір актер дер кезінде басқа рөльдерге өтіп алуы керек» деп айта беретін. Менің бағыма, 89-жылы режиссер Ә.Рахымов «Өттің дүние» спектакліндегі Жәңгір ханның рөлін берді. Содан кейін-ақ басқа кезең басталды. Шыңғыс хан, Еділ патша, Исатай сияқты рөльдер. Теңдесі жоқ актеріміз Әнуар Молдабеков ағамыз дүниеден өткен соң, сол кісі ойнаған Ваня ағай рөлі де менің еншіме тиді. Соның бәрі актер үшін жәй белес емес, үлкен мектеп. Сонан кейін өзіме ыстық рөльдердің бірі марқұм Болат Атабаев қойған А.Чеховтың «Шағаласындағы» Сорин, Қаллеки театрында Талғат Теменов қойған «Тыраулап ұшқан тырналардағы» полковник Лукьянов. Бұл спектакльмен Мәскеуге де бардым, сыншылардың жақсы бағасын алдым. Нақты не дегенін айтпай-ақ қояйын, мақтанып отыр деп қаларсыз. Не дегенін сонда барған әріптестер түгел естіген.
Актер деген тәуелді мамандық болғандықтан, бойыңдағы бар қасиетіңді, мүмкіндігіңді ашатын рөль алда шығар деген үмітпен жүрміз әлі.
– Драматург қаламгерлермен бірігіп пьесалар жаздыңыз, Ш.Айтматов, І.Есенберлин секілді жазушылардың шығармалары бойынша инсценировкалар жасадыңыз, сол сияқты өзге елдің драматургтарының туындыларын қазақшаладыңыз. Сонымен бірге режиссер ретінде көптеген автордың шығармаларын сахналадыңыз. Бұл актерлікті айтпағанда, сіздің драматургтық, режиссерлік қабілетіңізді байқатса керек?
– Иә, біраз дүниені аударып, инсценировкалар жасаппын, кейбірі сахна көрді, көбі әлі сол жазылған күйінде жатыр. Театрларға ұсынып, қойғызатын мінез жоқ менде. Анда-санда сөз арасында басшыларға құлаққағыс еткен боламын, шын қызығушылық танытпаса одан әріге бармаймын. Қазір бір-ақ өкініш бар, ертеректе марқұм Рахымжан Отарбаев досымның «Дүниеғайып» деген повесін оқып, инсценировкасын жасап өзіне көрсетіп ем (таныстығымыз содан басталды), қатты риза болды. Обалы нешік, сол кездегі театр басшысы Тұңғышбай құрдасым қоюға рұқсат та берді, бірақ актерлердің басын құрай алмай, сол күйінде қалды. Одан кейін Рахымжан «Ақырзаман» деген пьесасын берді. Мен драматургиядан бірдеңе түсінсем, төрт аяғын тең басқан нағыз пьеса сол еді. Оқиғасы да шымыр, тартымды, тілі қандай!.. Өзінің өтінішімен бірер жерін сахна заңдылығына сай өзгерткенім рас (білгенімше, әрине). Сөйтсем, кейбір басылымда «Рахымжан Отарбаевпен бірлесіп жазды» деген ақпарат кетіп қалыпты. Олай емес. Ол – Рахымжанның өз қиялынан, өз қаламынан шыққан төл туындысы. Марқұм қаламгердің шығармасына ортақтасу – әруағына обал. Осы мүмкіндікті пайдаланып әдейі қадап айтып отырмын. Өзім қоюға жүрексініп, бір-екі режиссерге ұсынып көріп ем, мардымды жауап ала алмадым. Өкініштісі, сол пьеса жоғалып кетті. Өзінде де жоқ боп шықты. Ұлы Ермерейге «кейін қағаздарының арасынан табылып жатса, хабарлас» деп тапсырғанмын, әлі жоқ. Сол сияқты, 70 жылдығымның қарсаңында Талғат досым (Теменов) репертуарға маған арнап Ф.Бордонның «Қар үстіндегі көгершіннің ізі» деген пьесасын алған, оны да аударып, ойнап шықтым, алайда кейбір сәтіне көңілім толмай, өзім өтініп репертуардан алғызып тастадым. Қазір міне, француз драматургі Ф.Зеллердің «Әке» деген пьесасын аудардым. 75-жылдығымды сол қойылыммен қарсы алам ба деп едім, театрдың басқа жұмыстарына байланысты әлі бастаған жоқпыз. Негізі, өте жақсы материал, қазір біздің арамызда да арагідік кездесіп қалып жатқан әке мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы. Қойылып жатса, көрерменнің де көңілінен шығарына сенімдімін.
Режиссерлік қабілет дейтінге келер болсақ, әрине, өнердегі 50 жылдық тәжірибе деген аз емес, дегенмен өз бетімше спектакль қоюға шамам жететінін сеземін, бірақ тәуекелім, батылым жетпейді. Өзім режиссерлерді көп сынайтын болған соң, сол талап деңгейінен шыға алам ба деген ой тежей береді. Кейде, солардың ортақол қойылымдарын көріп отырып, «мен де солай қоя аламын ғой» деген ойға қаламын. Қалай болғанда да бұл туралы әңгімені ертеңгі күннің еншісіне қалдырайық.

 – Кейінгі кезде халықтың театрға деген ықыласы бұрынғыдай емес деген сөзді естіп қаламыз. Бұл ерекше өнерге деген елдің назарын қайта бұру үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
– Иә, қазіргі қазақ қоғамында театрға деген көзқарас өзгерді. Жақсы жағына. Ең әуелі, көрерменнің ынтасы күн санап артуда. Астанада бұл үрдісті театрдың жаңа ғимаратқа көшуімен байланыстырғанбыз. Сөйтсек, олай емес екен, өз бетімен, қалауымен келетін көрермен және саналы, талғампаз, ойлы көрермен саны өте көп. Кей күндері залда орын болмай, сыртта қалатындары қанша? Жекелеген артистерге, спектакльге арнайы келетіні қаншама? Елдің назары ауды деген осы емес пе? Сонда да болса жұмыс көп.
Театр деген әлі күнге екі оттың ортасында тірлік кешуде. Баяғыдан телеарнамызды жаулап алған неше түрлі «күлкі керуені», әзіл-сықақ отаулары, «Жайдарманның» сапасыз қойылымдарымен ауызданған көрермен театрдан да соны күтеді. Ал біз ондайға барғымыз келмейді. Бірақ кейде көрермендердің талап-тілегімен санасуға мәжбүр боламыз...
Бір кезде көрерменнің санына мәз болсақ, қазір сапасының, санасының өскенін қалаймыз, иншалла, сол қалауымыз күн өткен сайын көрініс тауып келеді.
– Бүгінде драма театрлары көп, арасында түрлі бағыттағы экспериментальды театрлар да бар. Олар қазақ театрларын жаңа бағытта дамытуға септігін тигізе ме?
– Жалпы қай ел, қай ұлт болмасын, театр ешқашан көптік еткен емес. Біздің салаға да бәсеке қажет, бізден бұрын көрерменге қажет, кім-кімнің де таңдау құқығы болуы керек. Соның ішінде экспериментальды театр да бар. Көрермен өзіне жақын, өзіне керегін тапсын. Бәсеке, жарыс бар жерде алға жылжу бар. Біз (жасы келгендер) қанша тыртыссақ та, қарсылассақ та өмір өз дегеніне көндіреді.
Қазіргі жастардың талғам-талабы мүлде бөлек, интернеттен, әлеуметтік желілерден көретіні басқа. Баяғы 80-90-жылдардағы дәстүрлі ізбен жүргізбейді.
Иә, театрдың әу бастағы мақсаты – көременді толғандыру, тебіренту, тазарту еді, қазір басқа жағы басым түсіп жатыр, яғни, таңғалдыру. Осыны жалғыз біз емес, көрші елдердің де ақсақал-қарасақал актерлері, театр мамандары айтудай айтып дабыл қағып жатыр, бірақ қайталап айтамын: бәрібір өмір өз дегеніне көндіреді. Өзіңіз жақсы білесіз, кезінде Әзірбайжан Мәмбетовтің де спектакльдерін сынағандар, қабылдамағандар болған. Аяғы не болды? Әзекеңнің ұлы режиссер екенін уақыт өзі көрсетті. Қазіргі жастардың аяқ алысын өз басым солай қабылдаймын, тек солардың талабына сай бола біліп, сол көштен қалып қоймасам деймін.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұқбаттасқан Ахмет ӨМІРЗАҚ