Әнші Сиви Махмуди “Кездесу” бағдарламасына берген сұхбаты кезінде Алмас Кішкенбаевпен арада болған сезімі жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әңгіме барысында ол әншімен қыз бен жігіт ретінде жүргенін айтты.
“Алмас “Суперстар” жобасына қатысқан кезде 17-18 жаста болды, мен 15-16 жаста едім. Ортақ құрбымыз бар-тұғын. Содан “Алмастың номерін берші, танысайыншы" деп сұрадым. Өзім жазғанмын оған. 15 жастағы бөпемін ғой. Мектепте оқимын. Ол кезде Алмастың суретін шығарып, фотошоппен екеумізді қосып қойып, бөлмеме қойып қоятынмын. Сөйтіп, кездесіп, дос болып араласып кеттік. Бала махаббаты болды. Жүрдік екеуміз. Бірақ онымен жүргенде қол ұстасып та көрмедім. Бұл біріншіден менің тәрбием болды. Алмасқа да рақмет айтамын менің де қолымды ұстамаған”, - деді әнші.