Шетелдік басылым Қазақстан әлем чемпионатында қанша «алтын» алатынын айтты

Шетелдік басылым Қазақстан әлем чемпионатында қанша «алтын» алатынын айтты
Бокс туралы жазатын Tooslick222 Twitter аккаунты Қазақстан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатында қанша алтын медаль жеңіп алатынына болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz.
Шолушының пікірі бойынша, Қазақстан құрамасы бұл тартысты бәсекеде екі алтын медаль жеңіп алады. Ал олардың иесі Санжар Ташкенбай (48 кг) мен Махмұд Сабырхан (54 кг) болмақ.
Алайда жеңіске жету үшін екі боксшы да алдымен жартылай финалдан сүрінбей өтуі тиіс. Санжар Ташкенбай финалға шығу үшін ресейлік Эдмонд Худоянмен, ал Махмұд Сабырхан кубалық Йосвани Вейтимен кездеседі.
Айта кетейік, әлем чемпионатының жартылай финалына бес қазақстандық боксшы шықты. Санжар Ташкенбай мен Махмұд Сабырханнан басқа, Дулат Бекбауов (67 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг) және Нұрбек Оралбай (80 кг) ертең шаршы алаңға шығады.