«Шымкентте жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар аясында 2023 жылғы 12 мамырда сағат 11.00-де құлақтандыру жүйесінің сиреналары іске қосылады», - делінген хабарламада.Сейсмикалық жаттығулар кезінде «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылы қосылып, теледидар мен радио арналары арқылы беріледі. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан сейсмикалық жаттығуларға түсіністікпен қарап, үрейге салынбауды сұрады.
12 мамырда Шымкентте дабыл қағылады

12 мамырда Шымкентте дабыл қағылады
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 мамырда өңірде дабыл жүйесі қосылады деп хабарлады turkystan.kz.