Екібастұзда күзетшіні өлтірді деген әйел қамалды

/
Екібастұзда күзетшіні өлтірді деген әйел қамалды
ашық дереккөзі
Екібастұзда күзетшіні өлтірді деген әйел қамалды Екібастұзда күзетшіні өлтірді деген әйел қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде мамыр мерекелерінде балабақшалардың бірінде жұмыс орнында күзетшіні өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады деп жазады Рavlodarnews.kz. Облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы әйел адам қамауға алынған. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес «адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі».
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары