«Ақшаңызды көбейтемін»: адамдарды алдап, қомақты қаржы алған алаяқ ұсталды

/
«Ақшаңызды көбейтемін»: адамдарды алдап, қомақты қаржы алған алаяқ ұсталды
ашық дереккөзі
«Ақшаңызды көбейтемін»: адамдарды алдап, қомақты қаржы алған алаяқ ұсталды Желіде ақшаны «көбейтіп беремін» деп уәде берген алматылық азамат ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz-тің жазуынша, Алматы қаласының шетінде тұратын 24 жастағы Л. есімді азамат ақшаны тиімді инвестициялауды үйреткен.
«Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, жас жігіт қаржылық интернет-алаңда ақшаны көбейтемін деген желеумен капиталын ұлғайтқысы келгендерден ақша алған, бірақ уәдесін орындамаған. Ол «клиенттерге» төлемнің қабылданғанын растайтын құжаттарды, түбіртектерді бермеген. Мәселен, қылмыстың бір эпизодында бөтен адамның 4 млн теңгесі Л. есімді азаматтың олжасына айналды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның басқа эпизодтарға қатысы анықталып жатыр. Осы мақсатта бұл адамды таныған азаматтардан мына телефондар арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-708-196-51-20; 8-702-445-39-69, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Аудан басшылығы күдіктінің әрекеті тергеуде ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) квалификацияланғанын хабарлады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқықбұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары