«Теміржолда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «ҚТЖ ҰК» АҚ (55 адам және 1 қалпына келтіру пойызы) күштері жұмылдырылды. Оқиға орнына қалалық ТЖД басшылығы мен жеке құрамның 14 адамы және 4 бірлік техникасы шықты. Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы 77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді. Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысына әсері жоқ», - делінген хабарламада.



