Атырау облысында 19 жастағы жігітті пышақтап кеткен

Атырау облысында 19 жастағы жігітті пышақтап кеткен

Атырау облысында 19 жастағы жігітті пышақтап кеткен
ашық дереккөзі
50370
Атырау облысында жақында ғана әскери борышын өтеп келген жас жігітті пышақтап өлтіріп кетті деп хабарлады turkystan.kz Ақ Жайыққа сілтеме жасап. Қайғылы оқиға мамырдың 7-сінен 8-іне қараған түні Индер ауданы Жарсуат ауылында болған.
«Аудандағы Индербор кенті мен Жарсуат ауылының жастары табиғат аясына демалуға шыққан. Белгісіз себептермен жастар арасында өзара жанжал туындап, соның салдарынан Жарсуат ауылының 19 жасар тұрғыны – жақында әскерден келген жас жігіт пышақ жарақатынан қайтыс болды», – делінген хабарламада.
Полиция аталған оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде Индербор кентінің 19 жасар тұрғыны ұсталды. Сот санкциясымен ол екі айға уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары