Медеудегі өрттің себебі анықталды

/
Медеудегі өрттің себебі анықталды
ашық дереккөзі
Медеудегі өрттің себебі анықталды

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Іле-Алатауы ұлттық паркінде шыққан өрттің себебін атады деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Әкімнің сөзіне қарағанда, өртті екі жас жігіт қойған.

«Өрт болғанға дейін осы аймақта екі жас жігіт болған. Олар оқиға орнынан кетіп қалған. Қазір полициямен бірлесіп оларды іздестіріп жатырмыз», - деді Оразалин.

Айта кетейік, таулы аймақта жел соғып, өрт тез таралған. Салдарынан қызыл жалын 8 мың шаршы метр жерді шарпыды. Бір құтқарушы көз жұмды. Тағы біреуі жарақат алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары