Павлодарда бір ай бұрын жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Павлодарда бір ай бұрын жоғалған ер адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Павлодарда бір ай бұрын жоғалған ер адамның мәйіті табылды
Павлодарда бір ай бұрын үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды деп хабарлады turkystan.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Vita еріктілерінің мәліметінше, ол Мичурино ауылында 8 сәуірде Гурьев көшесінен орналасқан үйінен шығып кеткен.

«Өкінішке қарай, Надим Рүстемханов өлі табылды. Отбасы мен туған туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз», - деді еріктілер.

Ал 25 сәуір күні Екібастұз қаласында жоғалып кеткен 1987 жылы туған Александр Пазников аман-есен табылды. Ол да үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары