Жигули Дайрабаевқа қатысты петиция жарияланды

Жигули Дайрабаевқа қатысты петиция жарияланды
ашық дереккөзі
Жигули Дайрабаевқа қатысты петиция жарияланды

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың отставкасын талап еткен петиция жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Петиция авторы депутаттың екі ұлы жемқорлықпен ұсталғанын, мемлекетке келтірілген 550 миллион теңгелік шығын қалпына келтірілмегенін жазған. Оған қоса Дайрабаевтың өз ұлдарын жақтап, қорғап сөйлегенін сөккен. 

Сондай-ақ петицияда Дайрабаевтың ұлдарына қатысты жанжалда депутаттың да аты-жөні аталатыны жазылған. 

«Компания өз елді мекенінде алаяқтық жолмен 10 мың гектар жерді иемденген. Ауыл тұрғындарына дивидендтер уәде етілді. Алайда олар ешқандай пайда таппады. Бұл мәселеде мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың есімі де аталды. Алайда депутат бұл алаяқтыққа қатысы бар екенін көпшілік алдында жоққа шығарды», — делінген петицияда.

Айта кетейік, бұған дейін Дайрабаев өзіне тағылған айыптарға қатысты пікір білдірген еді.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары