Бокстан ӘЧ: Асланбек Шымбергенов 1/8 финалға өтті

Бокстан ӘЧ: Асланбек Шымбергенов 1/8 финалға өтті

Бокстан ӘЧ: Асланбек Шымбергенов 1/8 финалға өтті
ашық дереккөзі
50334
Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Жамбыл бокс мектебінің түлегі, Азия чемпионы А.Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Тринидад және Тобаго өкілі, 37 жастағы Аарон Принспен шеберлік байқасты. Бірінші раундта-ақ төрешілер түгелдей Асланбек басым деп тапты. Екінші, үшінші кезеңде де ештеңе өзгерген жоқ. Қорытынды есеп – 5:0, А.Шымбергеновтің пайдасында. Асланбектің келесі қарсыласы – израильдік Мирослав Капулер.

Серіктес жаңалықтары