Жалақысы жоғары салалар мен өңірлер анықталды

Жалақысы жоғары салалар мен өңірлер анықталды
ашық дереккөзі
Жалақысы жоғары салалар мен өңірлер анықталды Елімізде 767 мыңға жуық ең жоғары орташа жалақыны тау-кен өндірісінде еңбек ететін қазақстандықтар алады деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. Орташа жалақы ең жоғары салалар:
  • тау-кен өндіру – 766 555 теңге;
  • қаржы және сақтандыру – 602 114 теңге;
  • ақпарат және байланыс– 541 218 теңге.
Орташа жалақы ең төмен салалар:
  • сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу – 201 884 теңге;
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 179 388 теңге.
Орташа айлық жалақы жоғары өңірлер бестігі:
  • Атырау облысы – 618 420 теңге;
  • Маңғыстау облысы – 509 818 теңге;
  • Ұлытау облысы – 450 889 теңге;
  • Астана қаласы – 432 197 теңге;
  • Алматы қаласы – 390 322.
Орташа айлық жалақы төмен өңірлер бестігі:
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 241 102 теңге;
  • Жетісу облысы – 246 203;
  • Шымкент қаласы – 254 202 теңге;
  • Жамбыл облысы – 254 646;
  • Түркістан облысы – 257 874.
2023 жылғы І тоқсанда өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында тіркелді – 29,4%-ға. Ең төменгі өсімі Батыс-Қазақстан облысында байқалды – 11,9%-ға.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары