«Ерлердің өмір сүру ұзақтығы – 70,2 жыл. Орташа жасы – 30,5 жас. Некеге тұрған ерлердің орташа жасы – 28 жас», – делінген хабарламада.
Еліміздің қай өңірінде ер адамдардың саны көп?

Еліміздің қай өңірінде ер адамдардың саны көп?
2023 жылдың басында халық саны 19 766 мыңға жеткен. Оның 9 647 мыңы ер адам деп хабарлады turkystan.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ер адамдардың көп бөлігі Түркістан облысында тұрады – 1 079 мың. Ал ең азы Ұлытау облысында – 108 мың.
«0-14 жас аралығындағы ер балалар саны 3 млн болса, 15-62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 876 мың, ал 63 жастан жоғары зейнеткер саны – 767 мың», - делінген статистикада.
Ерлердің көпшілігі, яғни 16,8 пайыз өнеркәсіп саласында қызмет етеді. Ал көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу саласында 14 пайыз, тағы 14 пайыз ауыл, орман және балық шаруашылығында еңбек етеді.