Қазгидромет синоптиктері 6 мамыр, сенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Оған сәйкес, бүгін ауқымды антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік циклон және оған байланысты фронттардың салдарынан елдің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыста шаңды дауыл, батыста, оңтүстік-батыста – тұман түседі. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 2 градус үсік, Ұлытау облысының шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік жүріп өтеді. Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында күшті жел соғып, екпіні 30 м/с асады.Бүгін төрт өңірде үсік жүреді

Бүгін төрт өңірде үсік жүреді