Таразда студенттерді күштеп әскерге алып кетпек болған

Таразда студенттерді күштеп әскерге алып кетпек болған
ашық дереккөзі
Таразда студенттерді күштеп әскерге алып кетпек болған Таразда алпысқа жуық колледж студентін оқу орнынан күштеп әскерге алып кетпек болған деп хабарлады turkystan.kz «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап. Ата-аналардың айтуынша, балаларын оқу орнына емтиханға дайындықты желеу етіп жиналысқа шақырған. Алайда алдап, автобусқа тиеп алып кеткен. Полицейлермен іздестірген ата-ана ұлдарын Қорғаныс істері департаментінен тапқан. «Бұл балаларды желкесінен ұстап, сүйреп әкетіп бара жатыр. Ата-аналар бұл әрекетке қарсы. Бұлар біріншіден баланы ұрлап әкетіп отыр. Отбасыларына ескертпеген», – дейді ата-аналардың бірі Сейіт Нұраханұлы. Балаларды оқу орнынан әскерге әкету туралы бұйрықты кім бергенін білгісіз. Көктемгі, күздегі төрт айлық әскерге шақырту маусымына Жамбыл облысынан жылына 3 мың азамат баруы тиіс. Бұл жоспарды толтыру үшін жергілікті әкімдік пен әскерилер осындай жаңашылдықты енгізіпті. Бірақ шикі тұсы көп болып, кеше әкелінген балалар медициналық тексерістен соң бәрі түгел үйіне жіберілген. «Балалар медициналық комиссиядан өтті. Балаларды кім алып келгені туралы сұраққа жауап бермеймін. Қайталап айтамын, медициналық комиссиядан өткізіп, қайтардық», – деді Жамбыл облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Ерлан Маханов. Қорғаныс департаментіне жеткізілген оқушылардың арасында ерікті  түрде әскерге баруға ниеттілер де табылған. Олар қолдарына әскерге шақырту қағазын алып кетті. Соңғы емтихандарын ерте тапсыруға департамент басшылары оқу орнына өтініш жібереді екен.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары