Қазақстандық спортшы панкратионнан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы панкратионнан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық спортшы панкратионнан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Өзбекстан Республикасының астанасы – Ташкент қаласында 1-2 мамырда панкратионнан ересектер арасында әлем чемпионаты өтті. Бұл додада Қазақстан ұлттық құрамасының сапында атыраулық спортшы Әділбек Қайырғали ел намысын қорғады. Ол 77 келі салмақ дәрежесінде төрт кездесу өткізді. Алдымен Үндістан, Өзбекстан, Украина елдерінің спортшыларын қапы қалдырды. Ал, ақтық сында қазақстандық спортшыны ұтты», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл Әділбек Қайырғалидың әлем чемпионатындағы екінші жеңісі. Спортшы бұған дейін 2019 жылы Италияда өткен әлемдік дода чемпионат атанған. Ал, 2021 жылы Украинада жалауы желбіреген осындай додада қола медальға ие болған. Сондай-ақ Ташкенттегі әлем чемпионатында тағы атыраулық спортшы Айкөрік Қуандықова күміс жүлдегер атанды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @atyrausport

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары