Қызылордада өзбекстандық азамат қаза тапты

Қызылордада өзбекстандық азамат қаза тапты
ашық дереккөзі
Қызылордада өзбекстандық азамат қаза тапты Қызылордада төбенің ағаш конструкциясы құлап, екі қабатты дүкенде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан өзбекстандық азамат мерт болды деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға бүгін сағат 15.11-де болды. Қызылорда қаласындағы Төреқұлов көшесі бойында жаңа салынып жатқан екі қабатты дүкен төбесінің ағаш конструкциясы құлап кеткен.
«Оқиға орнында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан Өзбекстан Республикасының 1996 жылғы азаматы сол жерде қаза болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының күшімен мәйіт үйінді астынан шығарылды», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары