Әлем чемпионаты: Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге өтті

Әлем чемпионаты: Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге өтті
ашық дереккөзі
Әлем чемпионаты: Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге өтті Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге жолдама алды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстандық боксшы 1/32 финалда Израиль өкілі Ахмад Штивимен жұдырықтасты. С.Төлтаев қарсыласын ұпай санымен ұтып, 1/16 кезеңге шықты. Санатәлі 1/16 финалда маврикиялық Ришарно Коленмен шеберлік байқасады. Бүгін 1/8 финалға шыққан Сағындық Тоғайбайдың қарсыласы - өзбекстандық Шохжахон Абдуллаев.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары