Әлем чемпионаты: Сағындық Тоғамбай алғашқы айналымда жеңіске жетті

Әлем чемпионаты: Сағындық Тоғамбай алғашқы айналымда жеңіске жетті

Әлем чемпионаты: Сағындық Тоғамбай алғашқы айналымда жеңіске жетті
ашық дереккөзі

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында 86 келі салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай қарсыласынан басым түсті деп хабарлады turkystan.kz.  Отандасымыз Конго елінің спортшысы Нэйтан Нландуды 3-раундта нокдаунға түсіріп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Сағындық бірінші раундта қарсыласын 5:0 есебімен жеңген. Екінші раундта да ширақ қимылдаған С.Тоғамбай Нэйтанды қатарынан екі рет құлатып, шаршы алаңда үстемдік орнатты. Келесі айналымда 22 жастағы қазақстандық боксшы Шохжахон Абдуллаев (Өзбекстан) - Еркін Адылбек уулу (Қырғызстан) жұбының жеңімпазымен кездеседі.