Сбер жасаған ресейлік нейрожелі ТМД елдері аудиториясының көңілінен шықты
Сбербанк шығарған графикалық нейрожелі Ресей, Қазақстан және басқа да елдерде іске қосылды. Желі Kandinsky 2.1 деп аталады және айтарлықтай сұранысқа ие болып отыр. Желіні алғашқы төрт күнде миллионнан астам қолданушы пайдаланды.
Kandinsky 2.1 мәліметтер мен нұсқаулықтар жиынтығынан тұратын генеративті модель. RuEdalle диффузиялық алгоритмінде жұмыс істейді. Классик суретшілердің стиліндегі суреттерден бастап заманауи фотографияларға дейін жасап шығара алады.
Шынтуайтында, Сбер әзірлеушілері батыстағы бәсекелестерін басып озды. Midjourney және Stable Diffusion сияқты желілерге қарағанда ресейлік өнім әлдеқайда ілгері. Бәсекелестерінен басты ерекшелігі Kandinsky 2.1 тегін. Сондай-ақ, аталған желі ТМД кеңістігінің мәдениеті мен басқа да ерекшеліктерін жақсы түсінеді. Мысалы, Астананың көз тартар көріністерін немесе қазақ даласының пейзаждарын салуда қиялы шарықтайды.
Бүгінгі таңда Kandinsky 2.1 қолданудың бірнеше жолы бар. Желінің толық нұсқасы Fusion brain веб-сайтында
https://fusionbrain.ai/en/ қолжетімді. Онда оннан астам сурет салу стилі бар. Фотосуреттерді детальдармен байыта отырып, өңдеуге болады. Сондай-ақ,
https://t.me/kandinsky21_bot телеграм-боттағы 3 стильдің көмегімен суреттерді араластырып жаңа туынды шығаруға болады. Дегенмен, желідегі ең танымал функция, мәтіндік сипаттамаға сәйкес сурет салу. Жан-жақты мәтіндік сипаттама жазып, қалауыңыздағы суретті жасап шығара аласыз.
Kandinsky 2.1 дизайнер, суретші, иллюстратор, журналист, студент және тіпті қосымша(қолданба) жасаушылар ішінде үлкен сұранысқа ие. Аталған желі текстураларды, стильдерді, тұжырымдамаларды, тіпті логотиптерді тез әрі сапалы жасауға мүмкіндік береді. Болашақта оның мүмкіндігі кеңейіп, өседі.
Кандинскийдің IT саласындағы орны батыс елдерінде де айқындалады. Бүгінгі таңда нейрожелі GitHub рейтингінде үздік 5 трендтегі әлемдік репозиторийлер қатарында. Өсу қарқыны бойынша Kandinsky 2.1 OpenAI компаниясының ChatGPT көрсеткішін басып озды.

SberAl компаниясының әзірлеушілері Kandinsky 2.1 нейрон желісін жақсарту жолында дамылсыз жұмыс істеп келеді, десе де батыстағы баламаларға жазылу құны 10 $ 100 $ дейін болғанына қарамастан ресейлік желіні қолдану тегін күйі қала бермек. Бұл Kandinsky 2.1 және басқа да ресейлік IT саласының әлеуеті өсіп келе жатқанын, сондай-ақ, Қазақстан және өзге елдердегі қолданушылар ресейлік өнімдерді өз пайдасына жарататынын білдіреді.