Бердібек Сапарбаев құрметті атаққа ие болды

Бердібек Сапарбаев құрметті атаққа ие болды

Бердібек Сапарбаев құрметті атаққа ие болды
ашық дереккөзі

Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атанды, - деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін Ақтөбеде өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар Бердібек Сапарбаевқа «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылдады.

«Сессия барысында депутаттар мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевқа, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Серікбай Рзабаевқа, медицина профессоры Нағашыбай Ақатаевқа және облыс ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтовқа "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешімді бекітті», - делінген әкімдіктің таратқан хабарламасында.