Елизавета ІІ-нің таққа отырғанына - 65 жыл

Елизавета ІІ-нің таққа отырғанына - 65 жыл

Елизавета ІІ-нің таққа отырғанына - 65 жыл
ашық дереккөзі
Ағылшындар биыл Корольдік патшайымы Елизавета екіншінің таққа отырғанына 65 жыл толуын атап өтті. Патшайым – ел тарихындағы тақта ең ұзақ отырған монарх. Атаулы күннің құрметіне орай отшашу атылды. Оған қоса Букингем сарайы патшайымның 2014 жылы фотогроф Дэвид Бэйли түсірген жаңа суреті жарияланды. Онда патшайым әкесі – Георг алтыншы сыйға тартқан жақұт жиынтығын таққан. Айта кетейік, Елизавета екінші Корольдік тағына 25 жасында отырған. Ол кезде ел Екінші Дүниежүзілік соғыстан әлі ес жиып үлгермеген еді.