50640
Желіде тұтқынға түскен Серік Күдебаевтың фотосы тарады
Желіде тұтқынға түскен Серік Күдебаевтың фотосы тарады

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ұсталған сәтінен сурет таралып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Онда қолы кісенделген Күдебаевтың өзі және ҰҚК-нің екі қызметкерін көруге болады. Сурет қазақстандық журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жарияланды.
Еске салсақ, бүгін Бас прокурор Берік Асылов экс-полицейдің ұсталғанын және оның Түркиядан Қазақстанға жеткізілгені туралы ақпаратты растаған болатын. Күдебаев халықаралық іздеу жарияланғаннан кейін үш аптадан астам уақыт өткенде ұсталды.
Айта кетейік, қазір Күдебаев уақытша ұстау изоляторында.