Қазақстандық Бейбарыс Сыпатай параканоэдан Азия чемпионы атанды

/
Қазақстандық Бейбарыс Сыпатай параканоэдан Азия чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық Бейбарыс Сыпатай параканоэдан Азия чемпионы атанды Параканоэдан Азия чемпионатында қазақстандық Бейбарыс Сыпатай 500 метр қашықтықты 2 минут 01,07 секундта еңсеріп, Азия чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz.
«Екінші болып 2 минут 08,30 секунд уақытпен өзбекстандық Әзизбек Абдулхабибов келсе, үндістандық спортшы Котия Санджиев 2 минут 12,55 секунд уақытпен үшінші болды. Спортшылар KL2 санатында өнер көрсетті. Сондай-ақ жарыста қазақстандық Жалғас Тайкенов (KL3) және Жаңыл Балтабаев (VL3) 500 метр қашықтықта күміс медаль жеңіп алды», - деп хабарлады мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығынан.
Параканоэдан Азия чемпионаты Самарқан қаласында (Өзбекстан) 26-30 сәуір аралығында өтуде. Жарысқа 8 мемлекеттен 80-ге жуық спортшы қатысып жатыр.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары