Еуразиялық банк 2023 жылды елеулі табыстармен қарсы алды

Еуразиялық банк 2023 жылды елеулі табыстармен қарсы алды

Еуразиялық банк 2023 жылды елеулі табыстармен қарсы алды
ашық дереккөзі
50398
Еліміздегі іргелі қаржылық ұйымның бірі Еуразиялық банк 2022 жылы көрсеткіштердің айтарлықтай өсіміне қол жеткізе отырып, нарықтағы орнын нығайта түсті. Бұл турадлы бүгін аранайы баспасөз мәслихатын өткізген банк өкілдері айтты. Банк басшылығы БАҚ өкілдері алдында  өткен  2022 жылдың қаржылық нәтижелері бойынша халықаралық аудиторлық қорытындымен расталған және ҚЕХС стандарттарына сәйкес құрылған қаржылық есептілігін жариялады.

Банк пайдасы алты есе өскен

Мәселен, 2022 жылғы геосаяси шиеленіс, тұрақсыздық, санкциялық шектеулер Қазақстанның банк жүйесі үшін кезекті сын-қатерге айналып қана қоймай, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктерге де жол ашқан. Еуразиялық банк бұл уақытты өзінің пайдасына жаратып, нарықтық үлесін 3,8% шамасынан 5,3%-ға жеткізді.  width=
«Ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді: банк пайдасы алты есе өсіп, активтері мен несие қоржыны бір жарым еседен асып кетті. Өрлеу қарқыны жөнінен Еуразиялық банк 2022 жылы ең жылдам дамып жатқан банктердің біріне айналды», — деді Банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева.
Оның айтуынша, «Өтімді активтер 75%-ға дейін шарықтап, нарықтың құбылмалы мінезіне тез бейімделе және клиенттердің талап-тілектеріне жауап бере отырып, несиені белсендіруге мүмкіндік берді. Біз белсенді цифрландыруды жалғастырдық, нәтижесінде тауарлық несие беруде клиенттер үшін ең қолайлы шешім шығаруды 4 секундта қамтамасыз ете отырып, нарықта бір қадам алға жылжыған. Өткен жылдың екінші жартыжылдығында банк  активтері 2,3 триллион теңгеден асқан. Бұл өсім тұрақты түрде жалғасуда екен. Сонымен қатар аталған қаржылық ұйым банк тәуекелдер мен кірістерді басқарудың байыпты саясатының арқасында капиталдың рентабельділігін 41%-ға арттырды. Нәтижесінде Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Еуразиялық банктің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингісінің В2 болжамын «тұрақтыдан» «позитивті» деңгейге өзгерткен. Цифрлық трансформация және жаңарған IT архитектура банкке көптеген қызметтер мен өнімдерді онлайн форматқа ауыстыруға мүмкіндік берді: барлық несие өтінімдерінің 80%-ға жуығы онлайн қабылданып, депозиттік өнімдердің 50%-дан астамы онлайн режимде ашылды. Бұл күнде шоғырландырылған қаржылық есептіліктің негізгі көрсеткіштері бойынша Еуразиялық банк тобының активтері 2022 жылы 67% өскен.  Мәселен,  2021 жылы 1,4 трлн теңге болған болса, банктің несие портфелінің өсімі есебінен 2,36 трлн теңгеге жетіп отыр.  width=
«Сондай-ақ  клиенттердің несиелері 2022 жылдың 12 айында 67%-ға ұлғайып, яғни 635,3 млрд теңгеден 1,06 трлн теңгеге дейін жетті. Корпоративтік сегментте де, бөлшек сегментте де несие беру қарқыны өскен. Депозиттер мен шоттардағы қаражат 70%-ға, яғни 1,136 трлн теңгеден 1,931 трлн теңгеге дейін артты, бұл клиенттердің сенімді және тұрақты қаржы институты ретінде банкке үлкен сенім артатындығының айғағы болып табылады», - деді басқарма төрайымынң қаржылық блок жөніндегі орынбасары  Наталья Дружинина.
Оның айтуынша, банктің меншікті капиталы 65%-ға, яғни 197,3 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл капиталдың болашақта белсенді өсімді қамтамасыз ету үшін қолайлы деңгейде жеткілікті екенін көрсетеді. Шоғырландырылған таза пайда 6 еседен астам дәрежеде ұлғайып, 83,3 миллиард теңгені құрады. Несиелеуден басқа негізгі кіріс көздеріне конверсиялық операциялар мен карточкалық бизнестен алынған кірістер жатады.  width=

Нарықтағы үлестері де ұлғайып келеді

 Аталған банк нарықтағы  автонесиелеу бойынша алдыңғы орында тұр. Нақты айтқанда, отандық автонесиенің 48%  Еуразиялық банк бойынша рәсімделген. Сонымен қатар  POS-несиелеу бойынша 17%  көрсеткішпен үшінші орында тұр. Жалпы алғанда, 2022 жылы банктің барлық негізгі қаржылық көрсеткіштері бойынша үлесі арта түскен.  Мәселен, активтер — 01.01.2022 ж. 3,8% бастап 01.01.2023 ж. 5,3% дейін көтеріліп, 7-орынды иемденіп отыр. Несиелік портфель бойынша да бір жылда  4,8%-ға дейін өсіп, 7-орынды иемденіп отыр. Сондай-ақ, капитал — 01.01.2022 ж. 2,6% бастап 01.01.2023 ж. 3,7%-ға дейін (7-орын). Клиенттердің қаражаты — 01.01.2022 ж. 4,3% бастап 01.01.2023 ж. 6,0% дейін (6-орын). Халықтың салымдары — 01.01.2022 ж. 3,6% бастап 01.01.2023 ж. 5,1% дейін (5-орын). Заңды тұлғалардың салымдары — 01.01.2022 ж. 5,0% бастап 01.01.2023 ж. 7,0% дейін (5-орын). NIM көрсеткіші — 01.01.2022 ж. 5,8% бастап 01.01.2023 ж. 7,5% дейін (5-орын). Корпоративтік бизнеске арналған несие сол қалпында — 3,5% үлеспен (6-орын). ШОБ несиелері — 01.01.2022 ж. 2,4% бастап 01.01.2023 ж. 3,3% дейін (8-орын).

Бөлшек бизнестегі көрсеткіш

Банк өкілдерінің айтуынша, банк қызметін  цифрландыруды қарқынды жүргізу, өнімдер желісін кеңейту, сондай-ақ 2022 жылы ашылған нарықтық мүмкіндіктерге бұрыннан дайын болудың арқасында бөлшек бизнестің шоғырландырылған есептілігі бойынша қаржылық нәтижесі 2021 жылмен салыстырғанда 92%-ға өсті. Нәтижесінде бір жыл ішінде несие өтінімдерінің саны 153%-ға, ал несие қоржыны 66%-ға, клиенттердің қаражаты 89%-ға артқан. Банк 48% үлесімен жаңа автомобильдер сегментінде 1-орынға және 24% үлесімен пайдаланылған автомобильдер сегментінде 2-орынға жайғасып, көлік несиелеу нарығында алдыңғы қатардағы орнын сақтап қалды. Нәтижесінде жыл сайынғы International Business Magazine Awards рейтингісінің аясында халықаралық сарапшылар «Автонесие беретін үздік банк» номинациясына лайық деп Еуразия банкті таңдаған. Қазақстанның тауар несиесі нарығында банк ең жылдам (небары 4 секундта) несие шешімін іске қосқан банк ретінде 17% үлесімен 3-орында тұр.  Осы жетістіктің арқасында банк жыл сайынғы International Business Magazine Awards рейтингінде «Ең жылдам тауар несиесі» номинациясын жеңіп алды. Карточкалық бизнес, сонымен қатар, барлық негізгі көрсеткіштері жағынан барынша ілгерілеу баршылық.  Мысалы, белсенді қолданыстағы карталар саны 1 млн данаға жетіп отыр. Оның ішінде шоттардағы қалдықтар 67%-ға, ал карталар бойынша айналым 77%-ға өсті. Карталар бойынша онлайн операциялардың да көрсеткіші артқан.
«Өткен жылы сатып алу және ақша аудару операцияларының жалпы сомасы 2021 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсті. Қашықтан сатып алудың орташа чегі 22%-ға, ал қашықтан аударым жасау 2021 жылмен салыстырғанда 36%-ға артты. Онлайн сатып алу және ақша аудару операцияларының саны тиісінше 35% және 87%-ға көбейді», - дейді банк қызметкерлері.

Корпоративтік бизнесті қаржыландыру екі есеге жуық өскен

Банктің корпоративтік клиенттер базасы 2021 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өскен. Атап айтқанда, шоғырландырылған есептілік деректері бойынша, корпоративтік клиенттерге берілген несиелер 2022 жылы 57%-ға немесе 131 млрд теңгеге өсті. Негізгі өсім ірі корпоративтік клиенттер сегментінде байқалды. Сондай-ақ банк соңғы кезде жаңа өнімдер мен қызметтер бойынша бірнеше релиз жүргізді. Соның ішінде Бизнес-картаны таратылымға шығарды, клиенттердің заманауи қажеттіліктері мен заңнама талаптарына сай келетін Smart Business қосымшасын жаңартты. Еуразия банктің тағы бір жетістігі - жақында  «Автосальдо» қызметін іске қосты. Қазақстанда ЕДБ арасында алғаш рет квазимемлекеттік сектордың mitwork.kz сатып алу порталында электрондық банк кепілдігі шығарылды. Осы орайда, KazakhExport АҚ қолдауымен электрондық құжат айналымына көшу жүзеге асырылды.
«Еуразиялық банк үшін 2023 жылдың соңына дейін бизнестің тұрақты өсуін жалғастыру, қажетті реттеу талаптарын сақтай отырып, несиелеу және басқа да қаржылық қызметтерді ұлғайту, бөлшек сауда нарығындағы көшбасшылық қалыпты нығайту, клиенттеріміз үшін үздік пайдалану тәжірибесін қалыптастыру мақсатында цифрлық трансформация стратегиясын жалғастыру және Өзбекстанда еншілес банкті ашуға  басымдық беріп отырмыз», - деп атап өтті Еуразиялық банктің басқарма төрайымы Ләззат Сатиева.
Айта кетейік, «Еуразиялық банк» АҚ тобына банкпен қатар еншілес кәсіпорындары – «Еуразиялық жоба-1» ЖШС және «Еуразиялық жоба-2» ЖШС кіреді. «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ банктің бас компаниясы болып табылады. Тағы бір дерек, 2022 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша банк акцияларының 100%-ның иегері болып отыр.

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы     № 1.2.68/242/40 лицензиясы

Нұрболат АДЫРБЕК.

Серіктес жаңалықтары