Астанада орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері біліктілігін арттыруда

Астанада орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері біліктілігін арттыруда

Астанада орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері біліктілігін арттыруда
ашық дереккөзі
50604
«Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты 24 сәуірде пәндік құзыреттілікті дамыту мақсатында  бірнеше тақырыпты қамтыған біліктілікті арттыру курстарын ашып, оқыту жұмыстарын бастады деп хабарлады turkystan.kz. Курстардың тақырыптық бағыттары
  • Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған: «Жаһандық құзыреттіліктер»;
  • Информатика пәні мұғалімдері: «10-11 сыныптар курсының күрделі тақырыптарын меңгеруде информатика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту»;
  • География пәні мұғалімдері: «7-9 сыныптарда география пәні бойынша педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту»;
  • Бастауыш сынып мұғалімдері: «Бастауыш сынып (1-4) мұғалімдерінің «Математика», «Қазақ тілі», және «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту»;
  • Ағылшын тілі мұғалімдеріне: «10-11 сыныптарда күрделі тақырыптарды меңгеруде ағылшын тілі мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту».
Педагогтер орта мектепте күрделі тақырыптарды оқытуға, пән мазмұнын тереңдетуге бағытталған оқу бағдарламаларын меңгеретін болады. Сондай-ақ, мғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, оқушылардың даму деңгейлері мен ерекшеліктерін ескере отырып, бағалаудың технологиясы бойынша  кәсіби қызметін жобалау жолдары, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану дағдылары қарастырылады. Айта кетейік, Астана қаласы бойынша аталмыш курсқа 170 педагог қатысып жатыр. Оқыту жұмыстары 5 мамырға дейін жалғасады.  width=  width=

Серіктес жаңалықтары