Вишневская ел қоржынына тағы бір алтын салды

Вишневская ел қоржынына тағы бір алтын салды

Вишневская ел қоржынына тағы бір алтын салды
ашық дереккөзі
383
Универсиадада еліміздің намысын қорғаған биатлоншы Галина Вишневская 12,5 шақырым қашықтыққа масс-старт жарысынан бірінші орынға қол жеткізді. Бұл – спортшы қыздың Қазақстан қоржынына салған екінші алтыны.    Вишневская төрт нысананың біреуінен ғана мүлт кетіп, қашықтықты 36:15.4 минутта жүріп өтті. Күміс медаль украин спортшысы Яна Бондарьға (+1:02.3) бұйырса, қола медальді ресейлік Лариса Куклина (+1:13.1) жеңіп алды. Тағы бір қазақстандық Елизавета Бельченко (+1:27.0) үш рет мүлт кетіп, төртінші орын алып қалды. Одан кейін тағы бір отандасыммыз Дарья Усанова (+2:10.9) келді. Ол алты рет мүлт кетті.

Серіктес жаңалықтары