«Оқиға болған жерде тергеу амалдары жүргізілді. Жедел-іздестіру шараларынан кейін 34 жастағы ер адам ұсталды. Ол аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінді. Ер адам қамауға алынды», – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.Қылмыстық құқықбұзушылық қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «кісі өлтіру» бойынша Қарасай аудандық полиция басқармасында тіркелген. Тергеу барысын өңірлік ПД басшылығы бақылауға алды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.
Алматыдағы қонақүйде шетел азаматын өлтіріп кеткен

Алматыдағы қонақүйде шетел азаматын өлтіріп кеткен
Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде Өзбекстан азаматы өлі табылды деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 20 сәуір күні Қарасай ауданында болған. Сағат 14:25 шамасында қонақ үйдің бөлмесінде 26 жастағы өзбекстандық қыздың денесі табылған.