50457
Ердоған Ибрагим Күлшімбаевты «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
Ердоған Ибрагим Күлшімбаевты «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның 6 ақпан күні Түркияда болған жойқын жер сілкінісі кезінде құтқару жұмыстарын жүргізуге еңбек сіңірген азаматтарды марапаттау іс-шарасы өтті», - делінген хабарламада.
Елшіліктің хабарлауынша, Қазақстан азаматтарынан Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Күлшімбаев Ибрагим Дәукесұлы «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.

