Тәжікстан президенті Қазақстанға келеді

/
Тәжікстан президенті Қазақстанға келеді
ашық дереккөзі
Тәжікстан президенті Қазақстанға келеді 25 сәуірде Астанада Қазақстан мен Тәжікстан сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде саяси консультациялар өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан жағынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев, тәжік жағын Сыртқы істер министрінің орынбасары Содик Имоми басқарады. Саяси консультациялардың басты тақырыбы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелерін талқылау болмақ», - деді А. Смадияров елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, консультациялар барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективалары да қаралады.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары