«1975 жылы туған шетел азаматының уақытша тұратын жерін тінту барысында Қазақстан аумағында тыйым салынған діни кітаптар мен дискілер тәркіленді. Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды», - делінген ІІМ хабарламасында.
Атырауда 20 жыл халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Атырауда 20 жыл халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды
20 сәуір күні Атырау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында халықаралық іздеуде жүрген 1975 жылы туған Өзбекстан азаматын анықтап, ұстады деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тексеру барысында шетелдік азаматқа Өзбекстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 97-бабының 2-бөлігі және 248-бабы 2-бөлігіне негізделген қылмыстық құқықбұзушылық, яғни қасақана адам өлтіру және заңсыз қару сақтау бойынша халықаралық іздестіру жариялағаны анықталды.