Ақтөбеде өртенген тұрғын үйден екі баланың денесі табылды

Ақтөбеде өртенген тұрғын үйден екі баланың денесі табылды

Ақтөбеде өртенген тұрғын үйден екі баланың денесі табылды
ашық дереккөзі
50275
Ақтөбе қаласында жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға орнынан 4 және 10 жастағы екі баланың мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға бүгін таңғы сағат 04:08-де тіркелді. 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Жангелдин көшесіндегі жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды.
«Шақырту орнына өрт сөндірушілер барған кезде жеке үйдің ас бөлмесі және кіреберіс бөлмесі өртеніп, шатырға ұласқаны анықталды. Өрт кезінде 2013 және 2019 жылы туған 2 баланың денесі табылды. 1954 жылы туған әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Барлығы үйде 5 адам болған. Өрт сағат 04:41-де оқшауланып, 04:49-да сөндірілді. Өрттің ауданы - 40 шаршы метр», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары