Түркістан облысында 9-сынып оқушысының өлімі бойынша екінші күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Түркістан облысында 9-сынып оқушысының өлімі бойынша екінші күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Түркістан облысында 9-сынып оқушысының өлімі бойынша екінші күдікті ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50286
Түркістан облысының полицейлері суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тағы да тың деректер жинады деп хабарлады turkystan.kz.
«Күдікті ретінде 11-сынып оқушысы ұсталды. Аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда», - делінген хабарламада.
Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауында», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Ордабасы ауданында кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9-сынып оқушысының мәйіті каналдан табылған болатын.

Серіктес жаңалықтары