Астанада 2 300 қызметкер қар күреуге шықты

Астанада 2 300 қызметкер қар күреуге шықты

Астанада 2 300 қызметкер қар күреуге шықты
ашық дереккөзі
50296
Өткен түнде елордадан 41 мың текше метрден астам қар шығарылды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда деп хабарлады turkystan.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 20 сәуірге қараған түні коммуналдық қызмет Астанадан 41 164 текше метр қар шығарды. Бұл 2 766 ауыр жүк көлеміне тең. 20 сәуір күні таңертең елорданың жолдары мен көшелерінен қар мен мұзды 2 300 жол жұмысшысы мен мыңнан астам арнайы техника жинады. Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 4,2 млн текше метрден астам қар шығарылды, полигондарға 333 577 рейс жасалды. Естеріңізге сала кетсек, сәуір айының ортасында елордада толассыз қар жауды. Бір апта ішінде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі есе асып түсті. Осы уақыт ішінде коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары