Алматылық 62 жастағы әйелдің өтінен 1730 тас алынды

Алматылық 62 жастағы әйелдің өтінен 1730 тас алынды

Алматылық 62 жастағы әйелдің өтінен 1730 тас алынды
ашық дереккөзі
50346
Алматыда №7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері 62 жастағы әйелдің өтінен 1730 дана қиыршық тасты алып тастады деп хабарлады turkystan.kz. Емдеу мекемесінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, пациент №7 қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл түрде оң жақ қабырға астының ауырсыну белгілері, жүрек айну, құсу, ауыздың құрғап кету шағымдармен түсті. Медициналық тексеруден кейін оған өт тас ауруы, жіті калькулозды холецистит диагнозы қойылды. Келесі күні, жалпы анестезиямен, заманауи аз инвазивті технология бойынша – «Лапароскопиялық холецистэктомия» операциясы жасалды.
«Бұл операция менің рекордымды жаңартты - осы жолы тек өт қабынан 1730 тас алынды. Операция сәтті өтті. Денсаулықты сақтау және өт-тас ауруларына байланысты асқынулардың алдын алу үшін профилактикалық және скринингтік тексерулерден уақытылы өтуге кеңес беремін»,- дейді операциялық топтың жетекші хирургы Мұса Сахипов.
Өтіне тас жинаудан рекорд орнатқан пациент отадан кейін, 4-і күні үйіне шықты.

Серіктес жаңалықтары