Павлодар облысында үсіп қалған әйелдің мәйіті табылды

Павлодар облысында үсіп қалған әйелдің мәйіті табылды

Павлодар облысында үсіп қалған әйелдің мәйіті табылды
ашық дереккөзі
50250
Павлодар облысында «Тұрсын» шаруа қожалығының маңында қардан 16 сәуірде жоғалып кеткен Екібастұз қаласының 34 жастағы тұрғынының зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Жергілікті жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. СМЭ тағайындалды. Естеріңізге сала кетейік, 16 сәуірде Бесқауға ауылының тұрғындары ВАЗ-2104 автокөлігімен далада жоғалып кеткен ірі қара малды іздеуге шыққан. Сағат 19.00 шамасында жұбайы көлікке оралып, әйелін күтеді. Әйелі оралмаған соң, ер адам полицияға жүгінген.
photo
Полиция жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін үш техника жұмылдырылған. Төрт іздеу тобы, оның ішінде Екібастұз қ. ПБ жеке құрамы, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар бар. Іздеу жақын маңдағы елді мекендердің дала алқаптарында жүргізілді. Бағдарлар барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне жіберілді.
photo

Серіктес жаңалықтары