Қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі

Ақтөбе облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бейнежазбада қасқырды шынжырмен ұрып-соққан ер адамды анықтады, – деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.  Ырғыз ауданы ПБ-нің қызметкерлері қасқыр соққан азаматтың осы ауданның 37 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ұсталған адам қасқыр малына шапқанын, содан кейін қасқырды мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен соғып алғанын түсіндірді. Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.